Танымал блогерге халықаралық іздеу жарияланды
Заңсыз казино арқылы 3,6 млрд теңге пайда көрген блогер іздеуде жүр.
SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Қаржылық мониторинг агенттігі «andersonchik1» лақап атымен белгілі блогер Ильяр Ювашевке мемлекетаралық іздеу жариялады. Ол заңсыз интернет-казино қызметін ұйымдастыруға қатысы бар деген күдікке ілінген.
Тергеу мәліметінше, Ювашев 2024–2025 жылдары онлайн-казино желісін құру мен басқаруға қатысқан. Күдікке ілінген ресурстардың қатарында mellstroy.game сайты да бар.
Қаржы операцияларын жасыру үшін 22 жалған компания тіркеліп, POS-терминалдар мен электронды төлем жүйелері пайдаланылған. Осы схема арқылы ойыншылардан 3,6 млрд теңгеден астам қаражат түскен.
ҚМА азаматтардан күдіктінің жүрген жері туралы ақпарат болса, Астана қаласы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаментіне хабарлауды сұрады.
Қазір іс бойынша тергеу жалғасып жатыр.
Материал авторы