Атырау түрмесінде төбелес өлімімен аяқталды
Сотталғандар арасындағы қақтығыс қайғылы жағдайға әкелді.
SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Атырау қаласындағы ерлерге арналған түзеу мекемесінде сотталғандар арасында болған төбелес адам өліміне әкелді.
Алдын ала дерек бойынша, 22 наурыз күні жазасын өтеп жатқан азаматтар арасында жанжал туындаған. Қақтығыс барысында олардың бірі ауыр дене жарақатын алып, оқиға орнында көз жұмған.
Полиция аталған факт бойынша қылмыстық іс қозғады. Қазір тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Құқық қорғау органдары істің мән-жайы тергеу мүддесіне байланысты жария етілмейтінін мәлімдеді.
Материал авторы
Дана Асылбекқызы
Тілші