Мас күйде болған Қытайдың 4 азаматы Алматы әуежайында рейстен түсірілді

28.04.2023, 19:29
479
Мас күйде болған Қытайдың 4 азаматы Алматы әуежайында рейстен түсірілді smartnews.kz

Қытай Халық Республикасының төрт азаматы Алматы қаласы әуежайында рейстен түсірілді. Полиция мәліметінше, олар масаң күйде болып, айналадағы адамдардың мазасын алған, деп хабарлайды smartnews.kz сайты Рolisia.kz-ке сілтеме жасап.

Биылғы 26 сәуірде Алматы қаласы әуежайындағы желілік полиция бөліміне Air Astana компаниясының өкілінен Алматы – Атырау рейсімен ұшпақшы болған жолаушылар тұралы хабарлама түскен.


Тексеру барысында Қытайдың 28, 32, 38 және 42 жастағы азаматтары анықталды.

«Арыз түсірушінің айтуынша, рейске тіркелу кезінде олар өздерін дөрекі ұстаған, масаң күйде болған, балағат сөздер айтып, ортақ пайдалануға арналған орынды ластаған.

Медициналық куәландыру нәтижесінде құқықбұзушылар «орташа» дәрежедегі алкогольді масаң күйде болғаны анықталды.
Шетел азаматтарына қатысты ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 440-бабы 1-бөлігі (алкогольдік ішімдіктерді ішу немесе қоғамдық орындарға масаң күйінде келу) бойынша әкімшілік хаттама толтырылып, әрқайсысына 5 айлық есептік көрсеткіш (17 250 тг) мөлшерінде айыппұл салынды.

Іс шешім қабылдау үшін Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотына жолданды», - делінген полиция мәліметінде.

«Назарбаев ұлтшыл жігіттерді биліктен алыстатты» – Санжар Керімбай «Көріпкелдің арқасында»: Ұлықпан Жолдасов неліктен шашын қысқартпайтынын түсіндірді Жамбылда екі мектеп оқушысын көлік қағып кетті (ВИДЕО) «Жастарым да «көгілдір»»: Ринат Зайытов мәдениет саласындағы марапат алғандарды сынады Әлішер Каримов президенттің қолынан Халық әртісі атағын алды (ФОТО) «Сондай жағдай болып қалды»: Сотталушы Шерзат Болаттың отбасынан кешірім сұрады Сотта Шерзат Болаттың мәйітінің суреті көрсетілді Сәтбаев университетінің заңсыз сатылған жатақханасы қайтарылды «Шерзатқа пышақты мен салдым» деген едіңіз»: Абзал Шынасыл тағылған айыпты жартылай мойындап отыр «Кезби» мұнай компаниясының басшысы Ержан Кезбаев 3 млрд теңге ақша жымқырғаны үшін сотталды Кісі өлтірді деп айыпталған Абзал Шынасылдың сөздері күмән тудырып жатыр 52 жастағы әйелге найзағай түсіп қаза болды «Анам жылап жіберді»: әнші Бүркіт төртінші сәбиін перзентханадан ерекше қарсы алды (ВИДЕО) Психдиспансерде есепте тұрған ер адам полицейдің мойнын орып жіберген «4 ай жоспарлаған»: Көкшетауда 23 жастағы күдікті бастықтың ұрысқанын көтере алмай оны өлтіріп кеткен Мысыр әуежайында көз жұмған Ақмарал Мұқанованың денесі елге жеткізілмек «Шерзатты ұрған жоқпын, өзі шалынып қалды»: Абзал Шынасыл кімді пышақтағанын айтты Сирияны қайта аяққа тұрғызу үшін барлық санкциялар алынып тасталды Magnum дүкендерінде рейд жүргізіп, ақша бопсалаған блогер сотталып кетті «Найзағай мен бұршақ»: Еліміздің барлық өңірінде дауылды ескерту жарияланды