311

Түркияда танымал актрисаға іздеу жарияланды

Ханде Эрчел қазір шетелде жүргені хабарланды.

Түркияда танымал актрисаға іздеу жарияланды
Andreas Rentz/ Getty Images

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша,  Түркияда танымал актриса Ханде Эрчелге қатысты іздеу жарияланды. Ол көпшілікке «Постучись в мою дверь» телехикаясындағы басты рөлі арқылы кеңінен танылған.

РИА Новости дерегінше, актрисаға қамауға алу туралы ордер берілген. Бұл іс елде 2025 жылдың қазан айынан бері жүргізіліп жатқан есірткіге қарсы ауқымды тексерістермен байланысты. Осы уақыт ішінде бірнеше танымал актер мен инфлюенсер ұсталған.

Стамбұл бас прокуратурасының мәліметінше, соңғы операция барысында 14 күдікті ұсталып, тағы екі адамға іздеу жарияланған. Солардың қатарында Ханде Эрчел де бар.

Басылымның жазуынша, актриса қазір шетелде жүр. Ол тергеу органдарына келіп, жауап беруге дайын екенін мәлімдеген.

Бұған дейін осындай айыптаулардан кейін бірқатар актерлер мансабынан айырылған. Олардың қатарында Исмаил Хаджиоглу мен Догукан Гюнгер бар. Ал қаңтар айында Джан Яман да ұсталып, оған есірткі қолданды деген айып тағылған еді.

Айта кетейік, 2025 жылдың қазанында Түркия полициясы есірткі қолдану фактілері бойынша іс қозғап, 19 танымал тұлға тексеруден өткен. 

Материал авторы

Азиз Қалижан
Азиз Қалижан Редактор