307

Батыс Қазақстанда тағы да дрон құлады

Өңірдегі полиция дрон қалдықтарын тексеріп жатыр.

Батыс Қазақстанда тағы да дрон құлады
әлеуметтік желіден

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Ақжайық ауданында ауылдық жерден дронға ұқсайтын қалдықтар табылды. Департамент мәліметінше, оқиға орын алған жерде адам зардап шеккен жоқ, ешқандай материалдық зиян тіркелмеген.

Полиция қызметкерлері жерге шығып, барлық жағдайды анықтау үшін тексеріс жүргізіп жатыр. Соңғы оқиға бойынша сараптама тағайындалып, ұшақтың түрі мен иесі анықталуда.

Айта кету керек, бұл өңірде бірінші рет болып отырған жағдай емес. 2025 жылдың наурызында Жәнібек ауданында белгісіз дрон фрагменттері табылған, ал сол жылдың қазанында Бөрлі ауданында ұқсас қалдықтар анықталған болатын. Сол кезде де полиция тексеру жұмыстарын жүргізген.

Жергілікті тұрғындарға сабыр сақтап, расталмаған ақпаратты таратуға жол бермеу ұсынылады.

Материал авторы

Азиз Қалижан
Азиз Қалижан Редактор