1398

Қарағандыда жұп қоғамдық орында жыныстық қатынаспен айналысқан

32 жастағы ер адам мен 45 жастағы әйел полицияға жеткізілді.

Қарағандыда жұп қоғамдық орында жыныстық қатынаспен айналысқан
t.me/halyqstan

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Қарағандыда орталық көшедегі орындықта жұп интимдік әрекет жасады. Оқиға видеоға түсіп, әлеуметтік желілерде тарап кетті.

Қарағанды қаласында 32 жастағы ер адам мен 45 жастағы әйел орталық көшедегі орындықта интимдік әрекет жасаған. Видеоны әлеуметтік желілерде жариялағаннан кейін, ерлі-зайыптылар полицияға жеткізілді.

Қарағанды облыстық полиция департаментінің хабарлауынша, олар мас күйінде қоғамдық орында болған және әкімшілік жауапкершілікке тартылды: «Ұсақ бұзақылық және мас күйінде қоғамдық орында болу» баптары бойынша шара қолданылды.

Материал авторы

Азиз Қалижан
Азиз Қалижан Редактор