596

Мадина Сәдуақасова Наурыздағы ашық образы үшін сынға қалды

Желі жазылушыларының пікірі екіге жарылды.

Мадина Сәдуақасова Наурыздағы ашық образы үшін сынға қалды
instagram.com/sadvakasovamadina

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, танымал әнші Мадина Сәдуақасова көктемгі жаңа образын таныстырып, фотосессия нәтижесін әлеуметтік желіде жариялады. Алайда бұл бейне жұрт арасында түрлі пікір туғызды.

Өнер иесінің айтуынша, оның стилін дайындаған мамандар – стилист пен фотограф – образды заманауи әрі тартымды деп бағалаған. Дегенмен фотосуреттер жарияланбай тұрып-ақ, кейбір таныстары бұл бейнені көпшілікке ұсынбауға кеңес берген. Олардың пікірінше, образ тым даулы шыққан.

Сәдуақасова өзі таңдаған киімді ұлттық нақыш элементтері бар кешкі стиль ретінде сипаттады. Соған қарамастан, әртүрлі пікірлерге қарамай, фотосессия нәтижесін оқырмандарына ұсынуды жөн көрген.

Желі қолданушыларының бір бөлігі әншінің батыл стилін қолдаса, енді бірі оны дәстүрлі Наурыз бейнесіне сәйкес келмейді деп сынға алды.

Материал авторы

Азиз Қалижан
Азиз Қалижан Редактор