227

Қарағандыда жоғалған зейнеткер өлі күйінде табылды

87 жастағы қарияның денесі табылды.

Қарағандыда жоғалған зейнеткер өлі күйінде табылды
instagram.com/rozysk_karagandy_rinakz

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Қарағандыда 21 наурызда жоғалып кеткен 87 жастағы зейнеткер әйелдің денесі табылды. Бұл туралы еріктілер хабарлады.

Қарағандыда бірнеше күн бойы іздеуде болған 87 жастағы Надежда Филипенко өлі күйінде табылды. Зейнеткер 21 наурыз күні үйінен шығып, қайта оралмаған.

Еріктілердің мәліметінше, әйел Пичугин көшесіндегі үйінен белгісіз бағытта кеткеннен кейін жоғалып кеткен. Іздеу жұмыстары жүргізілгенімен, ол тірі табылмады.

Марқұмның денесінің қай жерде және қандай жағдайда табылғаны әзірге нақтыланбады.

Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.

Материал авторы

Азиз Қалижан
Азиз Қалижан Редактор