1357

«Қайын атам «сыйлады»: Имам екінші әйелін шәкіртіне ұзатқанын айтты

Имам әйелін өз шәкірттерінің біріне тұрмысқа беруді өзі ұсынғанын айтты.

«Қайын атам «сыйлады»: Имам екінші әйелін шәкіртіне ұзатқанын айтты
бейнежазбадан

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, теолог-ғалым Құрбанәлі Ахмет сұхбат барысында отбасылық өміріне қатысты даулы жайттарды ашық айтты. Оның сөзінше, екінші әйелін алғашында қайын атасы «сыйлық» ретінде берген және бұл шешім бірінші жұбайының келісімінсіз қабылданған.

Имамның айтуынша: «Бірінші әйелімнен рұқсат сұраған жоқпын. Екінші әйелімді қайын атам өзі ұсынып, алып берді. Сол әйелімнен төрт ұл, бір қызым бар. Балаларым Құранды толық жаттаған, дін жолында жүр», – деді ол.

Алайда уақыт өте келе екінші әйелімен арада жанжал туындаған. Имамның сөзінше, әйел ажырасатынын айтып, басқа тұрмыс құруға ниет білдірген.

«Ол “ажырасамын, басқа күйеуге тиемін” деді. Мен “жақсы адам таппайсың” деп, өзім шәкірттерімнің біріне тұрмысқа шығуын ұсындым. Таңдауын өзіне қалдырдым, кейін сол шәкіртіме ұзаттым», – деді Құрбанәлі Ахмет.

Сондай-ақ ол қазіргі отбасылық жағдайына тоқталып, бірнеше некеден туған балалары бар екенін жеткізді.

«Шамамен 9-10 балам бар. Бірінші әйелімнен төрт бала, екінші әйелімнен бес бала дүниеге келді», – деді имам.

Материал авторы

Аиса Махамбет
Аиса Махамбет Редактор