280

Шымкент соты балаларға қатыгездік көрсеткен әйелді ана құқығынан айырды

Әкесі шетелде болса да, балалардың мүддесі қорғауға алынды.

Шымкент соты балаларға қатыгездік көрсеткен әйелді ана құқығынан айырды
kabar.kg

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Шымкент қаласында кәмелетке толмағандардың ісі бойынша мамандандырылған ауданаралық сотта әйелге қатысты азаматтық іс қаралды. Оған қарсы білім басқармасы ата-аналық құқықтарын шектеу және алимент өндіріп алу туралы талап арыз түсірген.

Сот материалдары бойынша, әйел төрт кәмелетке толмаған баланың анасы болып табылады. Балалардың әкесі қазіргі уақытта шетелде тұрады. Тексеру барысында ана балаларына қатыгездік көрсеткені анықталды. Әкесі де бұл жағдайдан хабардар екені белгілі болды.

Сот Қазақстан Республикасының «Некеде (құйда) және отбасы туралы» кодексінің талаптарын ескере отырып, балалардың мүддесін басты орынға қойып, талап арызды қанағаттандырды. Алайда сот шешімі әлі заңды күшіне енген жоқ.

Еске салсақ, биыл қаңтар айында Шымкентте ана балаларға жүйелі түрде психологиялық және физикалық қысым көрсеткен деген ақпарат тараған. Бұл туралы отбасы мүшелері немесе туыстары хабарлаған деген дерек бар.

Оқиға бойынша полицияда қылмыстық іс қозғаған. Балалар медициналық тексеруден өткізілді, ал екі кішкентай бала уақытша балалар үйіне орналастырылды. Материалдар кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияға жіберіліп, әйелдің ата-аналық құқықтарын шектеу мүмкіндігі қарастырылатын болады.

Материал авторы

Аиса Махамбет
Аиса Махамбет Редактор