Абай Бегей сегізінші рет әке атанды
Әнші әлеуметтік желіде жаңа туған қызын таныстырды.
SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, танымал әнші Абай Бегей сегізінші рет әке атанды. Әншінің өзінен шыққан сүйінші жаңалық әлеуметтік желіде жарияланып, көпшілік қуанышпен қарсы алды.
Әнші Абай Бегей 26 наурызда өз Instagram парақшасында жаңа туған сәбиі туралы жазба жариялады.
«Сүйінші, Алланың қалауымен 8-ші рет әке атанып жатырмын! Дүниеге тәп-тәтті бесінші ханшайымым келді», – деп бөлісті әнші.
Бұған дейін Абай Бегейдің жұбайы халықтан сүйінші сұрап, сәби күтіп жүргенін хабарлаған болатын. Кейінірек Вьетнамдағы саяхат барысында олардың сегізінші баласының жынысы анықталды.
Әншінің отбасы бұған дейін де көпшіліктің назарында болып келеді. Ата-аналық тәжірибесі мен балалар санына байланысты Абай Бегей мен жұбайы түрлі ескертулер мен пікірлерге куә болып жүр.
Материал авторы