«Ожау мен пышақ»: Түркістанда бұрынғы әйеліне шабуыл жасаған ер адам 4 жылға сотталды
Жәбірленуші кешіргенімен, сот айыпталушыны түрмеге жіберді.
SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Түркістан облысында бұрынғы әйеліне пышақпен шабуыл жасаған ер адамға сот үкімі шықты. Ол 4 жылға бас бостандығынан айырылды.
Түркістан облысында ер адам бұрынғы жұбайының үйіне заңсыз кіріп, оған күш қолданғаны үшін сотталды. Оқиға кезінде айыпталушы мас күйде болған.
Іс материалдарына сәйкес, ол жанжал барысында әйелдің басынан темір ожаумен ұрып, кейін іш тұсынан пышақ жарақатын салған.
Сот барысында айыпталушы кінәсін толық мойындап, жасаған ісіне өкінетінін жеткізді. Жәбірленуші оны кешіріп, жеңіл жаза тағайындауды сұраған. Тараптар өзара татуласу туралы келісімге келген.
Осы жағдайларды ескере отырып, іс жеңілірек бапқа қайта сараланып, сот ер адамды 4 жылға бас бостандығынан айыру жазасына кесті.
Материал авторы