Түркістанда ветеринариялық қызметтен 928 млн теңге жымқырылған
Прокуратура 2022–2025 жылдары жүзеге асқан жүйелі қаржы жымқыру схемасын анықтады.
SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Түркістан облысында ветеринариялық қызметте ірі көлемдегі жемқорлық схемасы әшкереленді. Үш жыл ішінде мемлекетке келтірілген шығын небәрі 928 млн теңгені құрады.
Түркістан облысының прокуратурасы «Ветеринариялық қызмет» мемлекеттік кәсіпорнында жүйелі қаржы жымқыру дерегін анықтады. Тергеу мәліметінше, 2022–2025 жылдар аралығында мекеме басшылығы жалған төлем тапсырмалары арқылы бюджет қаражатын заңсыз шығарған.
Схеманың тетігі қарапайым болған: лауазымды тұлғалар өздерінің электронды цифрлық қолтаңбаларын пайдаланып, құжаттарға бірдей компаниялардың деректерін енгізіп отырған, тек атауларын өзгерткен. Нәтижесінде қаржы іс жүзінде көрсетілмеген қызметтер мен жеткізілмеген тауарлар үшін аударылған.
Прокуратураның хабарлауынша, 26 наурызда төрт лауазымды тұлға – ветеринариялық қызметтің екі бұрынғы басшысы, олардың орынбасары және бас бухгалтер – күдікті деп танылып, қамауға алынды.
Аталған дерек бойынша Қылмыстық кодекстің 189-бабының 4-бөлігімен іс қозғалды. Тергеуді облыстық қылмыстық қудалау басқармасының арнайы прокурорлары жүргізіп жатыр. Қазір іске қатысы болуы мүмкін өзге тұлғаларды анықтау жұмыстары жалғасуда.
Материал авторы