Баян Алагөзова тоқалын шәкіртіне үйлендірген имамның әрекетін сынға алды
Продюсер діни үгітке шектеу қоюды ұсынды.
SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, белгілі продюсер Баян Алагөзова имамның екінші әйелін шәкіртіне қосқаны туралы мәлімдемесіне қатты сын айтты. Ол бұл құбылысты қоғам үшін қауіпті үрдіс деп бағалады.
Қазақстандық продюсер Баян Алагөзова әлеуметтік желіде резонанс тудырған жағдайға қатысты пікір білдірді. Ол екінші әйелін өз шәкіртіне тұрмысқа берген имамның әрекетін қатаң сынап, бұл мәселеге мемлекеттік деңгейде назар аудару қажет екенін айтты.
Продюсердің сөзінше, соңғы уақытта әлеуметтік желілерде діни мазмұндағы үгіт-насихат күшейіп, кейбір топтар қоғамға өз көзқарасын күштеп таңуға тырысып отыр. Бұл үрдіс тілге, дәстүрге және ұлттық құндылықтарға әсер етуі мүмкін екенін алға тартты.
«Мұндай әрекеттерге бейжай қарауға болмайды. Бұл тек жеке мәселе емес, қоғамның қауіпсіздігіне қатысты дүние», – деді ол.
Сонымен қатар Алагөзова дінге қарсы емес екенін, алайда сенімді күштеп таңуға түбегейлі қарсы екенін атап өтті. Оның пікірінше, әр адам өз таңдауын еркін жасап, сенімін қысымсыз ұстануы тиіс.
Продюсер әлеуметтік желілерде өзгелерге өмір сүру тәртібін үйретіп, шектеулер қоюға тырысатын әрекеттердің көбейгенін алаңдатарлық жағдай ретінде бағалады. Ол мұндай құбылыстарға құқықтық тұрғыдан шектеу қою қажеттігін жеткізді.
Сондай-ақ Алагөзова журналистерді діни үгіт-насихатшыларға алаң бермеуге шақырып, мұндай контенттің таралуына медианың да әсері бар екенін меңзеді.
Бұған дейін қоғамда кең талқыланған сұхбатта имам Құрбанәлі Ахмет өзінің екінші әйелін шәкіртіне тұрмысқа бергенін айтқан. Оның сөзінше, бұл шешім әйелінің талабымен қабылданған.
Айтуынша, арадағы жанжалдан кейін әйел басқа адамға тұрмысқа шығатынын мәлімдеген. Сол кезде ол өз шәкірттерінің бірін таңдатқанын жеткізген.
Бұл мәлімдеме қоғамда қызу пікірталас туғызып, түрлі көзқарастардың қақтығысына себеп болды.
Материал авторы