Жаңаөзенде полициядан шыққан ер адам жоғалып кеткен
Із-түзсіз кеткен азаматтың өміріне қауіп төнуі мүмкін.
SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Маңғыстау облысында полиция бөлімінен шыққаннан кейін із-түзсіз жоғалған ер адам іздестіріліп жатыр. Оның өмірі мен денсаулығына қауіп төнуі мүмкін.
Жаңаөзен қаласында 22 ақпаннан бері жоғалып кеткен Совурбек Түлкиев Жақсылықұлына іздеу жарияланды. Ол сол күні шамамен сағат 11:30-да «Мерей» шағынауданындағы №9 учаскелік полиция пунктінен шыққаннан кейін үйіне оралмаған.
Маңғыстау облыстық полиция департаментінің мәліметінше, ер адам жоғалар сәтте алкогольдік психоз күйінде болуы мүмкін. Бұл жағдай оның өмірі мен қауіпсіздігіне елеулі қатер төндіреді.
Қазіргі уақытта құқық қорғау органдары іздестіру жұмыстарын жүргізіп жатыр.
Жоғалған азаматтың белгілері: бойы 160–165 см шамасында, арық денелі, шашы қысқа әрі ағарған. Үстінде қара күртеше мен қара спорттық шалбар болған.
Полиция өкілдері азаматтардан жоғалған адамның жүрген жері туралы қандай да бір ақпарат болса, шұғыл түрде Жаңаөзен қалалық полиция басқармасына хабарласуды сұрайды. Байланыс нөмірлері: 71-002, 72-5-20 немесе 102.
Материал авторы