298

Доллар қайта қымбаттады: ірі қалалардағы жаңа бағам қандай

Айырбастау орындарында доллар, еуро және рубль бағасы өзгерді.

Доллар қайта қымбаттады: ірі қалалардағы жаңа бағам қандай
SMARTNEWS.KZ коллажы

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, 30 наурыздағы жағдай бойынша елдің ірі қалаларындағы айырбастау пункттерінде шетел валюталары әртүрлі бағаммен саудаланып жатыр. Доллар аздап өсім көрсетсе, еуро мен рубль де құбылмалы деңгейде қалып отыр.

Kurs.kz деректеріне сәйкес, Астанадағы орташа бағам мынадай:

доллар: сатып алу – 478,90 теңге, сату – 485,85 теңге;

еуро: сатып алу – 552,86 теңге, сату – 562,81 теңге;

рубль: сатып алу – 5,69 теңге, сату – 6,09 теңге.

Алматыдағы айырбастау орындарында:

доллар: сатып алу – 481,55 теңге, сату – 484,14 теңге;

еуро: сатып алу – 555,38 теңге, сату – 560,74 теңге;

рубль 5,81–5,98 теңге аралығында саудалануда.

Шымкентте бағам сәл өзгеше:

доллар: сатып алу – 483,67 теңге, сату – 485,71 теңге;

еуро: сатып алу – 554,71 теңге, сату – 560,71 теңге;

рубль: сатып алу – 5,89 теңге, сату – 5,96 теңге.

Ресми мәліметке сәйкес, бүгінгі күні 1 доллар 482,53 теңге, 1 еуро 555,44 теңге, ал 1 рубль 5,92 теңге деңгейінде белгіленген.

Материал авторы