Атырауда ұлының арызынан кейін қамалған ер адам өзіне қол жұмсады
Атырауда қамауда отырған ер адам өлі күйінде табылды.
SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Атырауда полиция басқармасының арнайы қабылдау орнында қамалған 55 жастағы ер адам 29 наурыз күні өлі күйінде табылды. Бұл туралы өңірлік дереккөздер хабарлады.
Алдын ала мәліметке сәйкес, ол әкімшілік құқықбұзушылық үшін 10 тәулікке қамауға алынған. Іс отбасы-тұрмыстық қатынастар саласындағы заңбұзушылық бойынша тіркелген. Ер адамды жауапкершілікке тартуға 24 жастағы ұлының арызы негіз болған.
Полиция департаменті аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу басталғанын мәлімдеді. Оқиғаның нақты мән-жайы анықталып жатыр.
Ведомствоның алдын ала ақпаратына сәйкес, ер адамның жанында камера ішінде киім бауы болғаны анықталған. Дегенмен, тергеу мүддесіне байланысты өзге мәліметтер жария етілмейді.
Құқық қорғау органдары оқиғаның барлық себеп-салдарын жан-жақты тексеріп жатыр.
Материал авторы