361

Атырауда таксист жолаушыны пышақтап тастады

Теміржол вокзалы жанында таксист пен жолаушы қақтығысы қылмыстық іске айналды.

Атырауда таксист жолаушыны пышақтап тастады
azh.kz

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Атырау қаласындағы теміржол вокзалында қалалық таксист пен жолаушы арасындағы сөздік келіспеушілік қақтығысқа ұласып, соңы пышақ жарақатына дейін жетті. Оқиға 28 наурызда орын алған. Бұл туралы «Ақ Жайық» жазды.

Алдын ала мәлімет бойынша, ер адамдар арасындағы даулы жағдай сөздік жанжалдан басталып, тез арада бақылаудан шыққан. Таксист жолаушыға пышақпен шабуыл жасап, жарақат салған. Зақымданған адам дереу медициналық мекемеге жеткізіліп, қажетті көмек көрсетіліп жатыр.

Атырау облыстық полиция департаменті хабарлағандай, бұл факті бойынша қылмыстық іс «Бұзақылық» бабымен қозғалған. Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалған. Полиция оқиғаның толық мән-жайын анықтап жатыр.

Материал авторы