274

Жетісу облысында бір күнде екінші жер сілкінісі тіркелді

Жер сілкінісі 31 наурызда сағат 11:11-де тіркелген.

Жетісу облысында бір күнде екінші жер сілкінісі тіркелді
SMARTNEWS.KZ коллажы

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Жетісу облысының тұрғындары 31 наурызда күн ішінде екінші елеулі жер сілкінісін сезді.

Қазақстан Төтенше жағдайлар министрлігінің «СБжЗҰҒО» ЖШС сейсмикалық станцияларының деректеріне сәйкес, жер сілкінісі сағат 11:11-де тіркелді. Эпицентрі Алматыдан солтүстік-шығысқа қарай 273 шақырым жерде орналасқан, тереңдігі – 10 км.

Есептелген сейсмикалық күшін жергілікті тұрғындар төмендегідей сезді:

Жетісу облысы, Панфилов ауданы, Жаркент қаласы – 2 балл;

Жетісу облысы, Текелі қаласы – 2 балл;

Жетісу облысы, Ақсу ауданы, Жансүгіров ауылы – 2 балл.

Қазірге дейін зардап шеккендер немесе материалдық шығындар туралы хабарлама түскен жоқ. 

Материал авторы