494

Мөлдір Мұқанова туған күнін дүркіретіп атап өтті (ВИДЕО)

Кешке келген өнер өкілдері қымбат сыйлықтар мен гүл шоқтарын тарту етті.

Мөлдір Мұқанова туған күнін дүркіретіп атап өтті (ВИДЕО)
instagram.com/moldir.mt

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, танымал әзілкеш, шоумен Тұрсынбек Қабатовтың бұрынғы жұбайы Мөлдір Мұқанова туған күнін ерекше форматта, сәні келіскен мейрамханада дүркіретіп өткізді. Мерекелік кешке отандық шоу-бизнес өкілдері жиналып, кеш иесіне құрмет көрсетті.

Әлеуметтік желілерде тараған видеолардан кештің ауқымы анық байқалады. Қонақтар қатарында Маржан Арапбаева, Зарина Омарова, Жұлдыз Әбдікәрімова секілді танымал өнер иелері болды. Олар мерейтой иесіне қымбат сыйлықтар мен гүл шоқтарын тарту еткен.

Мөлдір Мұқанова кешке арнайы дайындалған сәнді күлгін көйлек киіп, інжу тастармен безендірілген образымен көптің назарын аударды. Сәнді шаш үлгісі мен әшекейлері оның кештегі басты кейіпкер екенін айқын көрсетті.

Кеш барысында қонақтар ән айтып, би билеп, түрлі ойын-сауық бағдарламаларына қатысты. Мерекелік атмосфера ерекше көңіл-күймен өріліп, дастархан молынан жайылған. Сондай-ақ фотозона мен фуршет үстелі ұйымдастырылып, кештің сәнін келтірді. 

Материал авторы

Азиз Қалижан
Азиз Қалижан Редактор