296

Қостанайда ескерту жаңаған полицей соққыға жығылды

Зардап шеккен полицей ауруханаға жеткізілген.

Қостанайда ескерту жаңаған полицей соққыға жығылды
бейнежазбадан

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Қостанай қаласында полиция қызметкеріне жасалған шабуылдан кейін ол ауыр жарақат алып, амбулаторлық ем қабылдап жатыр. Бұл туралы облыстық полиция департаменті мәлімдеді.

Алғашында зардап шеккен қызметкер ауруханаға жеткізілгенімен, ол стационарлық емнен бас тартқан. Дәрігерлер оның жағдайы нашарлаған жағдайда қайта қаралу қажеттігін ескерткен.

Алдын ала мәліметтерге сәйкес, полицей бас-ми жарақатын және бірнеше дене жарақатын алған. Оқиға кезінде оның жанында болған балаларына зақым келмеген.

Куәгерлердің айтуынша, шабуылға үш адам қатысқан. Оқиға орнында өзге де адамдар, соның ішінде такси жүргізушісі болған.

Еске салайық, бұл оқиға 28 наурыз күні таңертең «Береке» шағынауданында болған. Бір топ жас жігіт қоғамдық тәртіпті бұзғаны үшін ескерту жасаған полицейге қарсы күш қолданған.

Қазіргі уақытта оқиғаға қатысты тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Материал авторы

Азиз Қалижан
Азиз Қалижан Редактор