340

Орынборда Жайық өзенінің су деңгейі қауіпті белдеуге жақындады

Су тасқынының алдын алу жұмысы әлі жалғасып жатыр.

Орынборда Жайық өзенінің су деңгейі қауіпті белдеуге жақындады
istockphoto.com

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, соңғы 24 сағат ішінде трансшекаралық Жайық өзенінде барлық гидропосттарда су деңгейінің көтерілуі байқалды.

БҚО «Қазгидромет» филиалының директоры Тлеген Шапановтың айтуынша, 1 сәуір таңғы мәлімет бойынша Орынбордағы Жайық өзенінің су деңгейі 469 см-ге жетті (+70 см, қауіпті деңгей — 930 см).

Илек гидропостында су деңгейі 397 см (+45 см, қауіпті деңгей — 890 см), ал Жайықтың сағасы Сақмар өзенінде Қарғалы ауылында 406 см (+12 см, қауіпті деңгей — 870 см) болды.

Қазіргі кезде Орынбор облысындағы Ириклин су қоймасынан Жайыққа секундына 60 текше метр су жіберілуде.

Қазақстандағы жағдай

Жайық өзенінде су деңгейінің көтерілуі Батыс Қазақстан облысы аумағында да байқалады. Жарсуат ауылындағы гидробекетте 397 см (+38 см, қауіпті деңгей — 1 000 см), Январцево ауылында 321 см (+32 см, қауіпті деңгей — 1 000 см), Орал қаласында 273 см (+19 см, қауіпті деңгей — 850 см), Құшым ауылында 294 см (+8 см) болды. Сонымен қатар, Ақжайық ауданы Мерген ауылында су деңгейі 430 см (+37 см), Тайпақ ауылында да жоғары болып тұр.

Жайықтың тағы бір қосалқы өзені — Шаған өзенінде су деңгейі тез көтерілуде. Байтерек ауданы Чувашинское ауылының маңында ол +41 см, яғни 919 см-ге жетті.

Материал авторы