309

Алматыда ВИЧ жұқтырғанын біле тұра 13 жасар қызды зорлаған ер адам сотталды

Қаскөй зорлықтан кейін қызға бірнеше ай бойы психологиялық қысым көрсеткен.

Алматыда ВИЧ жұқтырғанын біле тұра 13 жасар қызды зорлаған ер адам сотталды
globalsib.com

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Алматыда 13 жастағы қызға қатысты жасалған резонансты қылмыс бойынша сот үкімі шықты. ВИЧ жұқтырғаны белгілі болған айыпталушы ең қатаң жаза — өмір бойына бас бостандығынан айыруға кесілді. Бұл туралы құқық қорғаушы Ләззат Рақышева хабарлады.

Мамандандырылған ауданаралық қылмыстық сот ер адамды аса ауыр қылмыс жасағаны үшін кінәлі деп таныды. Сот үкімі — өмір бойына бас бостандығынан айыру.

Сот айыпталушының өз диагнозын біле тұра, әдейі кәмелетке толмаған баланың өмірі мен денсаулығына қауіп төндіргенін жеке атап өтті. Осыған байланысты ҚР Қылмыстық кодексінің 118-бабы («Адамның иммун тапшылығы вирусын жұқтыру») бойынша жеке қаулы шығарылды.

Сонымен қатар, іс аясында сотталушының адвокаттары мен туысы — ағасына қатысты да тексеріс басталды. Олар дәлелдерді бұрмалауы мүмкін деген күдікке ілінген.

Оқиға 2025 жылғы 1 қыркүйекте болған. Айыпталушы отбасының жақын танысы болып шыққан. Қыздың әкесі оны үйіне өзі кіргізген.

Алайда қылмыстан кейінгі жағдай одан да ауыр сипат алған. Зардап шеккен жасөспірім бірнеше ай бойы қысымға ұшыраған. Айыпталушының туыстары, қорғаушылары және тіпті қыздың әкесі баланы кінәні өзіне аударуға итермелеген. Оған «өзі кінәлі» деген ой сіңіріліп, көрсетпе берсе, күдікті түрмеде «өлтіреді» деп қорқыту арқылы үнін өшіруге әрекет жасалған.

Соған қарамастан, тергеу органдары айыпталушының кінәсін толық дәлелдеді. Үкімге 15 күн ішінде шағым түсіруге болады. Құқық қорғаушылар сот шешімі өзгеріссіз қалады деп үміттенеді.

Материал авторы

Азиз Қалижан
Азиз Қалижан Редактор