416

Қарақат Әбілдина Тұрсынбек Қабатовтың қызына жақсы көретін затын сыйлады

Әнші ұзақ жыл бойы сақтап келген дизайнерлік бұйымын Айым Тұрсынбекқызына сыйлады.

Қарақат Әбілдина Тұрсынбек Қабатовтың қызына жақсы көретін затын сыйлады
бейнежазбадан

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, әнші Қарақат Әбілдина әзілкеш Тұрсынбек Қабатовтың қызына ерекше сый жасап, көпшілік назарын аударды.

Оқиға Мөлдір Мұқанованың туған күніне арналған кеште болған. Эстрада жұлдыздары жиналған салтанатты шарада өнер иесі Қабатовтар әулетінің екінші қызы, жас әнші Айымға өзінің жеке коллекциясындағы бағалы бұйымды тарту етті.

Әбілдинаның айтуынша, бұл сыйдың астарында қазақы ырым жатыр. Биыл мүшел жасқа қадам басқан әнші қимай сақтап келген дүниесін біреуге беру арқылы ақ жол тілеген.

«Үлкен сахнада жүргенімізге 30 жылға жуықтады. Ал Айымның өнер жолы енді басталып жатыр. “Бізден де асып түссін, жолымызды берсін” деген ниетпен осы дизайнерлік бұйымды алып келдім. Мұны кезінде өзіме арнайы тіктіріп, ерекше жақсы көріп сақтаған едім. Тіпті болашақта қызыма қалар деп жүрген затым болатын. Енді соны Айымға тарту еткім келді», — деді әнші.

Айта кетейік, Айым — өнер жолын бастап келе жатқан жас әнші.

 

Материал авторы

Аиса Махамбет
Аиса Махамбет Редактор