413

Қарағанды облысында далада жоғалып кеткен 13 жастағы бала іздестіріліп жатыр

Қарабас кентінен Абайға жаяу қайтпақ болған бала жолда із-түзсіз жоғалып кеткен.

Қарағанды облысында далада жоғалып кеткен 13 жастағы бала іздестіріліп жатыр
instagram.com/sergey.tereshcenko

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Қарағанды облысында 13 жастағы Бейбарыс Рыс із-түзсіз жоғалып, оны іздестіру жұмыстары қарқынды жүргізіліп жатыр.

Алдын ала мәліметке сәйкес, жасөспірім кеше қатарластарымен бірге Қарабас кентіне барған. Кешкі уақытта ол Абай қаласындағы үйіне жаяу қайтпақ болып, дала арқылы жолға шыққан. Содан бері хабар-ошарсыз кеткен. Оның ұялы телефонының қуаты таусылған.

Полицияның мәліметінше, 2 сәуір күні Абай аудандық полиция басқармасының кезекші бөліміне кәмелетке толмаған баланың жоғалғаны туралы хабар түскен.

«Дабыл бойынша Абай қалалық полиция басқармасы мен Топар бөлімінің жеке құрамы толық жұмылдырылды. Алғашқы минуттардан бастап ірі ауқымды іздестіру жұмыстары ұйымдастырылып, жақын маңдағы аумақтар мен ықтимал бағыттар тексерілуде», — деп хабарлады ведомство.

Іздеу жұмыстарына төтенше жағдайлар қызметі, еріктілер және Ұлттық ұлан әскери қызметшілері де тартылған. Қиын қолжетімді аумақтарды шолып шығу үшін тікұшақ пен ұшқышсыз ұшу аппараты пайдаланылып жатыр.

Қазіргі уақытта іздестіру шаралары жалғасуда және бұл іс құқық қорғау органдары басшылығының ерекше бақылауына алынған.

Материал авторы