Маңғыстауда ағайындылар арасындағы жанжалға арнайы жасақ араласты

Азиз Қалижан Редактор
02.04.2026, 10:28
153
Маңғыстауда ағайындылар арасындағы жанжалға арнайы жасақ араласты бейнежазбадан

Түн ортасында басталған жанжал бір үйде тұратын екі ағайындының төбелесіне ұласқан.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Маңғыстау облысында екі ағайындының арасындағы жанжал төбелеске ұласып, оқиға орнына полиция шақырылды. Бұл туралы өңірлік полиция департаменті хабарлады.

Әлеуметтік желіде 11-шағынауданда түсірілген бейнежазба тарады. Кадрларда құқық қорғау органдары қызметкерлері мен арнайы жасақтың көптеп жиналғаны көрінеді. Алайда полиция бұл жағдайдың арнайы операцияға қатысы жоқ екенін нақтылады.

Ведомствоның мәліметінше, оқиға 1 сәуірге қараған түні шамамен 01:30-да №27 үйдің маңында болған. Бір үйде тұратын екі ағайындының арасындағы сөз таласы қысқа уақытта ушығып, күш қолдануға ұласқан. Алдын ала дерек бойынша, ағасы інісін соққыға жыққан.

Шуды естіген көршілер «102» нөміріне хабарласқан. Оқиға орнына полиция қызметкерлері мен арнайы мақсаттағы жасақ барған.

Қазіргі уақытта аталған дерек бойынша тексеру жүргізіліп жатыр. Полиция мәліметінше, жанжалға қатысушылардан облыстық көпбейінді ауруханаға ешқандай шағым түспеген.

Ақтауда асаба мен әйелінің интим видеосын таратқан күдікті ұсталды Тоқаев Мұхтар Шахановтың қазасына байланысты көңіл айтты Маңғыстауда нөсердің салдарынан жаппай жылқылар қырылды (ВИДЕО) Цирктегі жолбарыс көрермендерге қарай секіріп кетті (ВИДЕО) «Сенің даналығың жетіспейді»: Әнші Леонид Агутин досы Батырхан Шүкеновтің бейітіне барды 200 шақырымға жүгіру: қарағандылық сержант ультрамарафонда Қарулы күштердің жаңа рекордын орнатты Семейде мысығын кір жуғыш машинаға салып өлтірген қыз жазаланды Құрманғазыда киіктер қырылып, 800-ден астам өлексe табылды Өскеменде түнгі апаттан соң үш адам ауруханаға түсті Күміс жас күйбеңі: Белсенді өмір орталықтары шағым-жанжал ошағына айналған ба? 20 сәуірдегі валюта бағамы: қай қалада доллар қымбат 14 өңірге қауіп: Бүгін тұман, дауыл және үсік қатар келеді Қазақ поэзиясының өткір үні Мұхтар Шаханов қайтыс болды «Тұрсынды қимай жүр»: Алагөзовтің бұрынғы әйелі қымбат сөмкелерін көрсетті Театр актері мен оның жұбайы бір-бірін пышақтап өлтірді Өтекешева Алагөзовадағы қамзолдың түпнұсқа екенін растады Трамп: «Израиль — АҚШ-тың ең мықты досы» «Пышақпен қорқытады»: Маңғыстаудағы балабақшада жанжал өршіді Қасиетті дініміз Еуропаның төріне шықты: Германияда тұрақты азан айтыла бастады Орынборда полицейлерге оқ атқан күдікті ұсталды