Әскери атақты «жуу» видеосына қатысты министрлік жауап берді
Әлеуметтік желіде тараған видеода әскери қызметшілердің атақ алуын атап өткен сәті көрсетілген.
SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, әлеуметтік желілерде әскери қызметшілердің жаңа атақ алуын атап өтіп жатқан видеосы тарады. Аталған жағдайға Қорғаныс министрлігі ресми түсініктеме берді.
Threads платформасында жарияланған кадрларда бірнеше әскери қызметші, оның ішінде әйелдер, кезекті әскери атақ берілгенін атап өтіп, ішімдік ішіп жатқан сәті көрінеді. Видео сипаттамасында олардың әрекеті сынға алынып, мұндай адамдардың жауапты шешімдер қабылдайтынына күмән келтірілген.
Қорғаныс министрлігінің мәліметінше, бұл бейнежазба 2018 жылы түсірілген. Оқиғаға байланысты сол кезде қызметтік тексеріс жүргізіліп, кінәлі тұлғалар тәртіптік жауапкершілікке тартылған.
Ведомство өкілдері мұндай әрекеттер әскери тәртіп пен қызметтік әдеп нормаларына қайшы екенін атап өтті.
Материал авторы