535

Қазақстанда Эпштейн ісі бойынша ірі тексеру жүргізілуде

Бас прокуратура Қазақстан азаматтарының Эпштейн құжаттарында бар-жоғын анықтайды.

Қазақстанда Эпштейн ісі бойынша ірі тексеру жүргізілуде
AP Photo/Jon Elswick

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Сенатта өткен брифингте Бас прокурордың орынбасары Ерлан Өтегенов Қазақстанда Джеффри Эпштейн ісіне қатысты тексеру жүргізіліп жатқаны туралы хабарлады. Оның айтуынша, тексеру аясында құжаттарда еліміздің азаматтары немесе Қазақстан туралы мәліметтер бар-жоғы анықталуда.

«Бұл мәселеге қатысты депутаттық сауал түсті. Қазіргі уақытта біз шамамен 3 миллион хабарламадан тұратын үлкен мәліметтер массивін толық тексеріп жатырмыз. Біз Қазақстан азаматтары қай жерде көрсетілгенін және жалпы Қазақстанға қатысты қай ақпарат барын жан-жақты зерттеп жатырмыз», — деді Ерлан Өтегенов.

ҚР шенеуніктерінің қатыстылығы анықталды ма деген сұраққа ол тексерудің әлі жалғасып жатқанын айтты.

«Ақпарат көлемі өте үлкен, сондықтан барлық деректерді мұқият тексеріп, шынайылығын анықтау қажет», — деп қосты ол.

Еске салсақ, биылғы жылдың ақпан айында АҚШ Әділет министрлігі Эпштейн ісі бойынша жаңа құжаттар пакетін жариялаған. Қазақстан аталмыш құжаттарда 400-ден астам рет кездеседі.

Сондай-ақ, құжаттарда Кәрім Мәсімовтың аты аталып, 2019 жылы Эпштейннің серіктестерінің Қазақстанға сапары кезінде «мемлекеттік қауіпсіздікке жауапты генералмен» кездескені туралы ақпарат бар екені хабарланған.

Қаңтар айында Бас прокурор Берік Асылов «Акорда» кулуарында Қазақстанда Эпштейн ісі бойынша тексеру басталғанын, прокурорлар миллиардердің елге келген-б келгенін анықтайтынын мәлімдеген еді.

Материал авторы