Шымкентте ер адам екі баланы зорлады деген күдікке ілінді

Азиз Қалижан Редактор
02.04.2026, 15:29
186
Шымкентте ер адам екі баланы зорлады деген күдікке ілінді Stock Photo

Зардап шеккен балалар күдіктінің жақын туыстарының ұлдары екені анықталды.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Шымкентте екі кәмелетке толмаған балаға қатысты зорлық әрекеттері бойынша ер адамға қатысты қылмыстық іс қозғалды.

Зардап шеккен балалар – күдіктінің туыстарының ұлдары.

Балалардың бірінің анасының айтуынша, оқиға 2021 жылы болған. Әйел перзентханада жатқан кезде, тоғыз жастағы ұлын туыстарына уақытша қарауға қалдырған. Осы жағдайды пайдаланған ер адам бірнеше күн бойы балаға қатысты зорлық әрекеттерін жасаған. Кейін белгілі болғандай, сол кезеңде ол басқа туысының баласына да ұқсас әрекеттерді бірнеше күн бойы жасаған.

Отбасылар құқық қорғау органдарына ресми түрде жүгінген. Шымкент қаласының полиция департаменті қылмыстық істің тіркелгенін растады.

Ведомствоның мәліметінше, сотқа дейінгі тергеу аясында барлық қажетті тергеу және процессуалдық шаралар жүргізілуде. Куәлар мен іске қатысы бар тұлғалардан жауап алынған, дәлелдер жиналып, зерттеліп жатыр.

Құқық қорғау органдары істің барлық мән-жайын жан-жақты, толық және объективті анықтау үшін тергеу жалғасып жатқанын мәлімдеді. Тергеу қорытындысы бойынша тиісті процессуалдық шешім қабылданады.

Ақтауда асаба мен әйелінің интим видеосын таратқан күдікті ұсталды Тоқаев Мұхтар Шахановтың қазасына байланысты көңіл айтты Маңғыстауда нөсердің салдарынан жаппай жылқылар қырылды (ВИДЕО) Цирктегі жолбарыс көрермендерге қарай секіріп кетті (ВИДЕО) «Сенің даналығың жетіспейді»: Әнші Леонид Агутин досы Батырхан Шүкеновтің бейітіне барды 200 шақырымға жүгіру: қарағандылық сержант ультрамарафонда Қарулы күштердің жаңа рекордын орнатты Семейде мысығын кір жуғыш машинаға салып өлтірген қыз жазаланды Құрманғазыда киіктер қырылып, 800-ден астам өлексe табылды Өскеменде түнгі апаттан соң үш адам ауруханаға түсті Күміс жас күйбеңі: Белсенді өмір орталықтары шағым-жанжал ошағына айналған ба? 20 сәуірдегі валюта бағамы: қай қалада доллар қымбат 14 өңірге қауіп: Бүгін тұман, дауыл және үсік қатар келеді Қазақ поэзиясының өткір үні Мұхтар Шаханов қайтыс болды «Тұрсынды қимай жүр»: Алагөзовтің бұрынғы әйелі қымбат сөмкелерін көрсетті Театр актері мен оның жұбайы бір-бірін пышақтап өлтірді Өтекешева Алагөзовадағы қамзолдың түпнұсқа екенін растады Трамп: «Израиль — АҚШ-тың ең мықты досы» «Пышақпен қорқытады»: Маңғыстаудағы балабақшада жанжал өршіді Қасиетті дініміз Еуропаның төріне шықты: Германияда тұрақты азан айтыла бастады Орынборда полицейлерге оқ атқан күдікті ұсталды