«Әйелінен қорқады»: Трамп Макронды мазақ қылды

02.04.2026, 16:05
265
«Әйелінен қорқады»: Трамп Макронды мазақ қылды Tasos Katopodis/Getty Images

АҚШ президентінің Макронға қатысты әзіл сөзі Францияда сынға ұшырады.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, АҚШ президенті Дональд Трамп Франция басшысы Эммануэль Макрон туралы өткір әзіл айтып, оның жеке өміріне қатысты пікір білдірді.

Британдық басылымның мәліметінше, Ақ үйдің YouTube-арнасында Дональд Трамптың жеке түскі асы түсірілген бейне қысқа уақытқа жарияланып, кейін өшірілген. Алайда журналистер оның көшірмесін сақтап үлгерген. Видеоның бастапқыда ашық таратуға арналмағаны айтылып отыр.

Жазбада Трамп НАТО-ны Ирандағы соғысқа қолдау көрсетпеді деп тағы сынға алған. Сонымен қатар ол 2025 жылы болған оқиғаны еске алып, Макронды келемеждеген. Сол кезде Франция президентін жұбайы Брижит Макрон итеріп жібергені туралы ақпарат тараған еді.

Трамп түскі ас барысында әріптестеріне Макронмен жуырда телефон арқылы сөйлескенін айтып, оның ағылшын тіліндегі акцентін де мазақ еткен. Бұдан бөлек, Франция басшысының отбасылық өміріне қатысты да мысқыл айтқан.

«Мен Францияға, әйелі өзіне өте жаман қарайтын Макронға хабарластым. Ол әлі де жақ сүйегіндегі жарақаттан айығып жүр», — деген Трамп.

Бұл мәлімдеме Францияда бірден сынға ұшырады. Француз саясаткерлері мұндай сөздерді орынсыз әрі қабылдауға болмайтын әрекет деп бағалады.

Франция парламентінің төменгі палатасының төрайымы Яэль Браун-Пиве қазіргі таңда әлемдік қауіпсіздік мәселелері талқыланып жатқанын атап өтті.

«Ирандағы жағдай миллиондаған адамның өміріне әсер етуде. Адамдар қаза тауып жатыр, ал бізде басқа елдердің көшбасшыларын мазақ ететін президент бар», — деді ол.

Сонымен қатар Макронды оның саяси қарсыластары да қолдап, Трамптың сөздерін айыптады.

Ақтауда асаба мен әйелінің интим видеосын таратқан күдікті ұсталды Тоқаев Мұхтар Шахановтың қазасына байланысты көңіл айтты Маңғыстауда нөсердің салдарынан жаппай жылқылар қырылды (ВИДЕО) Цирктегі жолбарыс көрермендерге қарай секіріп кетті (ВИДЕО) «Сенің даналығың жетіспейді»: Әнші Леонид Агутин досы Батырхан Шүкеновтің бейітіне барды 200 шақырымға жүгіру: қарағандылық сержант ультрамарафонда Қарулы күштердің жаңа рекордын орнатты Семейде мысығын кір жуғыш машинаға салып өлтірген қыз жазаланды Құрманғазыда киіктер қырылып, 800-ден астам өлексe табылды Өскеменде түнгі апаттан соң үш адам ауруханаға түсті Күміс жас күйбеңі: Белсенді өмір орталықтары шағым-жанжал ошағына айналған ба? 20 сәуірдегі валюта бағамы: қай қалада доллар қымбат 14 өңірге қауіп: Бүгін тұман, дауыл және үсік қатар келеді Қазақ поэзиясының өткір үні Мұхтар Шаханов қайтыс болды «Тұрсынды қимай жүр»: Алагөзовтің бұрынғы әйелі қымбат сөмкелерін көрсетті Театр актері мен оның жұбайы бір-бірін пышақтап өлтірді Өтекешева Алагөзовадағы қамзолдың түпнұсқа екенін растады Трамп: «Израиль — АҚШ-тың ең мықты досы» «Пышақпен қорқытады»: Маңғыстаудағы балабақшада жанжал өршіді Қасиетті дініміз Еуропаның төріне шықты: Германияда тұрақты азан айтыла бастады Орынборда полицейлерге оқ атқан күдікті ұсталды