286

Астанада қауіпті көше жарысын ұйымдастырған жасөспірімдер ұсталды

Жарысқа қатысушылардың бірі кәмелетке толмаған және жүргізуші куәлігі болмаған.

Астанада қауіпті көше жарысын ұйымдастырған жасөспірімдер ұсталды
әлеуметтік желіден

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Астанада Салық Зиманов көшесінде үш жүргізуші жолдың бүкіл енін алып, қауіпті көше жарысын ұйымдастырған. Оқиға салдарынан жол қозғалысына айтарлықтай қауіп төнген.

Құқық қорғау органдарының мәліметінше, жарысқа Skoda және екі Toyota Highlander көлігі қатысқан. Рөлде 18 жастағы жігіт, 33 жастағы ер адам және жүргізуші куәлігі жоқ кәмелетке толмаған жасөспірім болған.

Полиция барлық көлікті айыппұл тұрағына қойған.

Кәмелетке толмаған жасөспірімнің ата-анасы бірден бірнеше бап бойынша жауапкершілікке тартылды. Атап айтқанда, көлікті жүргізу құқығы жоқ адамға басқаруға беру, бала тәрбиесіне қатысты міндеттерді орындамау және баланың түнгі уақытта ересектердің қарауынсыз көшеде жүруіне жол беру фактілері тіркелген.

Материал авторы