310

Төрехан Сабырхан Азия чемпионатының жартылай финалына шықты

70 келіге дейінгі салмақта Қазақстан боксшысы тәжік қарсыласын жеңді.

Төрехан Сабырхан Азия чемпионатының жартылай финалына шықты
instagram.com/boxingkazakhstan

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, боксшы Төрехан Сабырхан Ұлан-Батырда (Моңғолия) өтіп жатқан Азия чемпионатының жартылай финалына шықты.

Ұлттық Олимпиада комитетінің баспасөз қызметінің мәліметінше, 70 келіге дейінгі салмақта төрттен финалдық кездесуінде Қазақстан өкілі Шамшер Саидовты (Тәжікстан) жеңді.

Үш раундтың қорытындысы бойынша төрешілер Төреханның жеңісін 4:1 есебімен таныды. Осы жеңіс оған кем дегенде қола медальды қамтамасыз етті.

Естеріңізге сала кетсек, 1/4 финалда Оразбек Асылқұлов (60 кг дейін) және Ертуған Зейнуллинов (65 кг дейін) де жарысты жалғастырған болатын.

Материал авторы