665

Семейлік сенсей халықаралық дэн-тестінде жаңа атаққа ие болды

Жапонияға Абай облысынан барған сенсей халықаралық дэн-тестінде жаңа атаққа ие болды, деп хабарлайды smartnews.kz сайты.

Семейлік сенсей халықаралық дэн-тестінде жаңа атаққа ие болды
smartnews.kz

Жергілікті әкімдіктің мәліметінше, Жапонияның Йокогама қаласында 10 сәуірде Бүкілқазақстандық кекушинкай каратэ ұйымының өңірлік басшылары үшін халықаралық дэн-тест өткізілді.

«Оған әлемнің 30 елінен 100-ден астам шеберлер қатысты. Олардың арасында «Абай облысының кекушинкай каратэ Бүкілқазақстандық ұйымы» ҚБ директоры сенсей Гүлнара Советқызы Жақаева болды. Тест нәтижелері бойынша оған жаңа IV дан шеберлік атағы берілді», - деп жазды әкімдіктен.