SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, «Қазгидромет» РМК 4 сәуірге арналған ауа сапасы бойынша болжамын жариялады. Оған сәйкес, еліміздің бірқатар қалаларында қолайсыз метеорологиялық жағдай қалыптасады.
Синоптиктердің мәліметінше, Павлодар, Өскемен, Риддер, Семей, Атырау, Ақтөбе және Алматы қалаларында атмосфералық ауаның ластануы күтіледі.
Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар – бұл ауа айналымының баяулауына байланысты зиянды заттардың жерге жақын қабатта жиналуына әкелетін табиғи құбылыстар жиынтығы. Оған тымық ауа райы, әлсіз жел, тұман және температуралық инверсия сияқты факторлар әсер етеді.
Мұндай жағдайда елді мекендердегі ауа сапасы уақытша нашарлап, тұрғындардың денсаулығына кері әсер етуі мүмкін.
RUS