SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Шымкентте бірнеше жыл бойы өз қызына зорлық көрсеткен ер адамға өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасы кесілді.
Тергеу мәліметіне сәйкес, қыз бала 11 жасынан бастап әкесінің тарапынан жүйелі түрде жыныстық зорлыққа ұшыраған. Алайда ол ұзақ уақыт бойы болған жағдайды жария етуге батпаған. Тек 15 жасқа толғанда ғана құқық қорғау органдарына жүгінген.
Оқиғадан кейін жәбірленуші кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығына орналастырылып, психологиялық және әлеуметтік көмек алған.
Шымкент қаласының мамандандырылған ауданаралық қылмыстық соты айыпталушыны Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 120-бабы 4-бөлігі бойынша кінәлі деп таныды. Сот үкімімен оған өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Сонымен қатар, ол өмір бойы педагогикалық қызметпен және кәмелетке толмағандармен жұмыс істеу құқығынан айырылды.
Үкім әзірге заңды күшіне енген жоқ.
RUS