Селфиге түсті: Карлсен қазақ шахматшысының телефонын тартып алуды талап етті

05.04.2026, 14:36
317
Селфиге түсті: Карлсен қазақ шахматшысының телефонын тартып алуды талап етті instagram.com/alua_nurman

Алуа Нұрман ойын алдында Магнус Карлсенмен естелік фотоға түсіп, кейін бұл сәтті желіде бөлісті.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Германияда өткен Grenke Chess Festival турнирінде әлемнің 16-шы чемпионы Магнус Карлсен мен қазақстандық шахматшы Алуа Нұрман арасында тосын жағдай тіркелді.

Ойын басталар алдында 18 жастағы Алуа Нұрман атақты гроссмейстерден естелікке селфи жасауды сұраған. Карлсен бұл өтінішке келісіп, суретке түскен. Алайда көп ұзамай ол төрешілерге шағымданып, қарсыласының телефонын алып қоюды талап еткен.

Нұрман бұл сәттің видеосы мен фотосын Instagram парақшасына жариялап, «Магнус бәрібір Магнус болып қалады» деп қысқа пікір қалдырған.

Кездесу нәтижесінде Карлсен жеңіске жетті.

Айта кетейік, Алуа Нұрман — 20 жасқа дейінгі шахматшылар арасында FIDE рейтингінің көшбасшысы, блиц бойынша Азия чемпионы және 2024 жылғы әйелдер арасындағы Дүниежүзілік шахмат олимпиадасының күміс жүлдегері.

Ақтауда асаба мен әйелінің интим видеосын таратқан күдікті ұсталды Тоқаев Мұхтар Шахановтың қазасына байланысты көңіл айтты Маңғыстауда нөсердің салдарынан жаппай жылқылар қырылды (ВИДЕО) Цирктегі жолбарыс көрермендерге қарай секіріп кетті (ВИДЕО) «Сенің даналығың жетіспейді»: Әнші Леонид Агутин досы Батырхан Шүкеновтің бейітіне барды 200 шақырымға жүгіру: қарағандылық сержант ультрамарафонда Қарулы күштердің жаңа рекордын орнатты Семейде мысығын кір жуғыш машинаға салып өлтірген қыз жазаланды Құрманғазыда киіктер қырылып, 800-ден астам өлексe табылды Өскеменде түнгі апаттан соң үш адам ауруханаға түсті Күміс жас күйбеңі: Белсенді өмір орталықтары шағым-жанжал ошағына айналған ба? 20 сәуірдегі валюта бағамы: қай қалада доллар қымбат 14 өңірге қауіп: Бүгін тұман, дауыл және үсік қатар келеді Қазақ поэзиясының өткір үні Мұхтар Шаханов қайтыс болды «Тұрсынды қимай жүр»: Алагөзовтің бұрынғы әйелі қымбат сөмкелерін көрсетті Театр актері мен оның жұбайы бір-бірін пышақтап өлтірді Өтекешева Алагөзовадағы қамзолдың түпнұсқа екенін растады Трамп: «Израиль — АҚШ-тың ең мықты досы» «Пышақпен қорқытады»: Маңғыстаудағы балабақшада жанжал өршіді Қасиетті дініміз Еуропаның төріне шықты: Германияда тұрақты азан айтыла бастады Орынборда полицейлерге оқ атқан күдікті ұсталды