401

Түркістан облысында суға кеткен 1 жастағы бүлдіршіннің денесі табылды

Бала абайсызда суға түсіп кетіп, денесі бірнеше тәулік бойы іздестірілді.

Түркістан облысында суға кеткен 1 жастағы бүлдіршіннің денесі табылды
әлеуметтік желіден

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Түркістан облысында бірнеше күн бұрын өзенге құлап кеткен бүлдіршіннің денесі табылды. Іздеу-құтқару жұмыстары бірнеше тәулік бойы жүргізілген.

Алдын ала мәлімет бойынша, оқиға 31 наурыз күні болған. Кішкентай қыз абайсызда суға құлап кеткен.

4 сәуір күні Сайрам ауданына қарасты Машат елді мекеніндегі Машат өзенінде жүргізілген іздестіру барысында Төтенше жағдайлар министрлігінің жедел-құтқару жасағы 2024 жылы туған баланың денесін анықтады.

Құтқарушылар бірнеше күн бойы өзен бойын тексеріп, су астын сүзіп шыққан. Оқиғаның нақты мән-жайы анықталып жатыр.

Материал авторы

Азиз Қалижан
Азиз Қалижан Редактор