536

Атырауда 16 мың тұрғын жиналған концертте 172 бала жоғалып кеткен

ІІМ Атырауда 16 мың тұрғын жиналған концертте 172 бала жоғалып кеткенін мәлімдеді, деп хабарлайды smartnews.kz сайты.

Атырауда 16 мың тұрғын жиналған концертте 172 бала жоғалып кеткен
ҚР ІІМ

Эстрада жұлдыздарының гала-концерті 28 сәуір күні өтті.

«Сағат 19:00 мен 00:00 аралығында алаңда жұмылдырылған полицейлерге бала жоғалды деген дерекпен 170-тен астам шағым келіп түскен. Оның ішінде 125 жасөспірім, 14 жастан 18 жасқа дейінгілер, ал 47 бала жас шамасы 1,5 жастан 14 жасқа дейінгі бүлдіршіндер», - деп жазды ведомстводан.

Барлық бала табылып, аман-есен ата-аналарына табысталды.