552

Жазира Байырбекованың келініне қойған қандай талаптар қойғанын айтты

Әнші келініне орамал тағу мен күнделікті сәлем салуды міндеттемегенін ашық айтты.

Жазира Байырбекованың келініне қойған қандай талаптар қойғанын айтты
instagram.com/zhazira_bairbekova

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, әнші Жазира Байырбекова келініне қатысты ұстанымын ашық айтып, дәстүрлі талаптарды қатаңдатпағанын мәлімдеді.

Өнер иесінің сөзінше, жаңа түскен келіні Асылыға ешқандай шектеу қойылмаған. Керісінше, оған еркіндік беріліп, өз қабілетін дамытуға мүмкіндік жасалған. Әнші келінінің үш тіл білетінін атап өтіп, оны үй шаруасымен шектемей, сырттағы істермен айналысқанын қолдайтынын жеткізді.

«Келін алу — ерекше сезім. Баламызды ертерек үйлендірсек деп армандадық. Келінімізге «үйде міндетті түрде орамал тақпа, күн сайын сәлем салудың да қажеті жоқ» деп бірден айттым. Қонақ келгенде немесе үлкендер алдында сәлем салса жеткілікті», – деді ол.

Сондай-ақ әнші тұрмыстық талаптарды жеңілдеткенін жасырмады. Оның айтуынша, келінін күнделікті үй шаруасына жегудің орнына, кәсібімен айналысуына жағдай жасаған дұрыс. Байырбекова жас отбасының өз ісін жүргізіп, дамығанын қалайтынын атап өтті.

Әнші бұл ұстанымын тұрмыстық қолайлылықпен де байланыстырды. Оның сөзінше, орамал тағу кей жағдайда қолайсыздық тудырып, күнделікті тіршілікке кедергі келтіруі мүмкін.

Материал авторы

Аиса Махамбет
Аиса Махамбет Редактор