SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Қазақстанның ірі қалаларында шетел валютасына сұраныс сақталып отыр. Астана мен Алматыдағы ақша айырбастау пункттері бүгінгі валюта бағамын жаңартты. Нарықтағы ахуал айтарлықтай құбылмалы болмаса да, сатып алу мен сату бағалары арасындағы айырма әлі де жоғары деңгейде қалып отыр.
Kurs.kz деректеріне сүйенсек, елордадағы айырбастау орындарында доллар 466,76 теңгеден қабылданып, 473,75 теңгеден сатылып жатыр. Еуро бағамы да айтарлықтай жоғары: сатып алу — 538,73 теңге, сату — 548,73 теңге. Ресей рублі 5,84–6,14 теңге аралығында, ал қытай юані 68,04–73,59 теңге деңгейінде ұсынылған.
Алматыдағы жағдай біршама өзгеше. Мұнда доллардың сату бағасы төменірек — 470,34 теңге, ал сатып алу бағасы 467,09 теңгені құрайды. Еуро 540–545,72 теңге аралығында саудаланып жатыр. Рубль 5,85–6,00 теңге шамасында, ал юань 67,60–70,55 теңге аралығында қалыптасқан.
Сарапшылардың пікірінше, валюта бағамындағы бұл айырмашылық өңірлік сұраныс пен ұсынысқа тікелей байланысты. Дегенмен, нарықтағы негізгі тренд — теңгенің сыртқы факторларға тәуелді күйде қалуы.
RUS