673

Астанада ресейлік блогер Азамат Айталиевті ұрып кетті (ВИДЕО)

Тиктоктағы ерекше видеоларымен танылған этникалық қазақ Айталиев өзіне қала ортасында шабуыл жасалғанын айтты.

Астанада ресейлік блогер Азамат Айталиевті ұрып кетті (ВИДЕО)
бейнежазбадан

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, ресейлік блогер Азамат Айталиев Астананың орталығында өзіне шабуыл жасалғанын мәлімдеді. Бұл туралы ол әлеуметтік желіде жариялаған видеосында айтты.

Блогердің сөзінше, оқиға «Бәйтерек» монументі маңында болған. Белгісіз ер адаммен сөзге келіспеушілік туындап, ол көп ұзамай төбелеске ұласқан. Айталиевтің айтуынша, қарсы тарап күтпеген жерден күш қолданған.

Желіде тараған кадрларда блогердің полиция қызметкеріне болған жағдайды түсіндіріп тұрғаны көрінеді. Кейін ол жазылушыларына үндеу жасап, өзіне қол көтерген адамды «агрессивті» деп сипаттаған. Сондай-ақ блогер ауруханадан видео жариялап, саусағына рентген түсірілетінін және ерін тұсынан соққы алғанын хабарлаған.

Алайда Астана қалалық полиция департаменті бұл оқиға жаңалық емес екенін мәлімдеді. Ресми дерекке сәйкес, осыған ұқсас жағдай 2025 жылдың мамыр айында Есіл ауданында тіркелген. Ол кезде де Ресей азаматы полицияға арызданған.

Тексеру барысында блогердің «Бәйтерек» аумағында жеке блогына арналған видео түсіріп жүргені анықталған. Осы сәтте оған белгісіз ер адам келіп, түсірілімге наразылық білдірген. Соның салдарынан жанжал туындап, блогерге дене жарақаты салынған.

Аталған дерек бойынша бұзақылық ниетпен денсаулыққа жеңіл зиян келтіру фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалып, 31 жастағы күдіктінің жеке басы анықталған.

Сонымен қатар полиция тараптардың істі сотқа жеткізбегенін хабарлады. Кейін олар дауды медиативтік келісім арқылы реттеген.

Материал авторы