SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, «Қазгидромет» РМК 7 сәуірге арналған ауа сапасы бойынша ескерту жариялады. Мамандардың болжамынша, елдің бірқатар қаласында қолайсыз метеорологиялық жағдай қалыптасады.
Атап айтқанда, күндіз Өскемен, Семей, Риддер және Алматы қалаларында, ал түнгі уақытта Теміртау, Қарағанды және Астана тұрғындары ластанған ауа әсерін сезінуі мүмкін.
Синоптиктердің түсіндіруінше, мұндай жағдайлар ауа қабатында зиянды заттардың жиналуына әкелетін табиғи факторлардың әсерінен туындайды. Олардың қатарында тымық ауа райы, желдің әлсіздігі, тұман және температуралық инверсия бар.
Осындай кезеңдерде атмосфераның төменгі қабатында ластаушы заттар шоғырланып, елді мекендердегі ауа сапасы айтарлықтай төмендейді. Бұл әсіресе ірі қалалардағы тұрғындар үшін қолайсыз әсер етуі мүмкін.
Мамандар тұрғындарға мүмкіндігінше сақтық шараларын сақтауға кеңес береді.
RUS