SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, әнші, сазгер Төреғали Төреәлі жұбайы Толқынмен бірге жетінші баласын күтіп отырғанын меңзеді. Өнер иесі бұл жаңалықты әлеуметтік желідегі әсерлі видеосы арқылы бөлісті.
Желіде жарияланған видеода ерлі-зайыптының нәзік сәттері көрсетілген. Кадрлар фонында әншінің өз орындауындағы романтикалық композициясы ойнайды. Жазбада ол «Саған сенемін» деп қысқа ғана жазба қалдырған.
Видеодан Толқынның іші байқалып, жұптың тағы бір сәбиді күтіп жүргені аңғарылады. Бұл – отбасының жетінші перзенті болмақ.
Желі қолданушылары бұл жаңалықты жылы қабылдап, пікір қалдырды. Бірі «Мүмкіндігі болса, неге көп балалы болмасқа», десе, енді бірі «Махаббаттары мықты болған сайын, отбасы да үлкейе береді» деген пікір білдірген. Сондай-ақ көпшілік ер адамның әйеліне деген ілтипатын жоғары бағалап, отбасыға амандық тіледі.
Айта кетейік, 2024 жылдың жазында Төреғали Төреәлі мен Толқын алтыншы рет ата-ана атанып, ТөреАхмет есімді ұл сүйген болатын.
RUS