Әл-Фарабидегі жол апаты: Zeekr жүргізушісі ауруханадан шығып, қамауға алынды
Апат салдарынан үш адамның қаза тапқаны ресми түрде расталды.
SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Алматыдағы Әл-Фараби даңғылында болған адам өлімімен аяқталған жол апаты бойынша күдікті жүргізуші тергеу изоляторына қамалды. Бұл туралы қалалық полиция департаменті мәлімдеді.
Ресми ақпаратқа сәйкес, Zeekr көлігінің жүргізушісі бұған дейін медициналық мекемеде күзетпен жатқан. Сот санкциясымен ол қамауға алынып, кейін тергеу изоляторына жеткізілген.
Полиция мәліметінше, аталған жол-көлік оқиғасы салдарынан үш адам қаза тапқан. Қазіргі таңда күдікті қылмыстық іс аясында қамауда отыр және тергеу жалғасуда.
Құқық қорғау органдары бұл істі ерекше бақылауда ұстап отырғанын атап өтті.
Материал авторы
Дана Асылбекқызы
Тілші