264

Атыраудағы қауіпті ойын алаңында бала басын жарып алды

Тұрғындар бұл алаңда мұндай жағдай алғаш рет емес екенін айтып отыр.

Атыраудағы қауіпті ойын алаңында бала басын жарып алды
Atyrau OIL

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Атыраудағы Сәтпаев көшесінде орналасқан «Кеме» балалар ойын алаңында тағы бір оқыс жағдай тіркелді. Ойын барысында бала қауіпті элементке соғылып, ауыр жарақат алған. Бұл туралы Atyrau OIL Instagram-парақшасы жазды.

Оқиға 2026 жылғы 4 сәуірде болған. Алдын ала мәлімет бойынша, алаңда ойнап жүрген бала шығып тұрған шеге немесе ағаш бөлігіне соғылып, басын жарып алған. Зардап шеккен бала жедел түрде медициналық мекемеге жеткізілген.

Жергілікті тұрғындардың айтуынша, бұл — жалғыз жағдай емес. Өткен жылы дәл осы алаңда тағы бір бала жарақат алып, ауруханаға түскен. Соған қарамастан, нысанның қауіпсіздігіне қатысты нақты шаралар қабылданбаған.

Ата-аналар балалар ойнайтын орындардың жағдайына алаңдап отыр. Олар жауапты органдардан алаңдарды тексеріп, қауіпті элементтерді жоюды және қауіпсіздік талаптарын күшейтуді талап етуде.

Қоғам белсенділері мұндай жағдайлар жүйелі бақылаудың жоқтығын көрсететінін айтып, жауапты құрылымдардың жауапкершілігін күшейту қажет екенін алға тартты.

Материал авторы

Аиса Махамбет
Аиса Махамбет Редактор