SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Қазақстан ерлер боксының көшбасшысы Нұрбек Оралбай Улан-Батор қаласында өтіп жатқан Азия чемпионатында алғашқы жекпе-жегін өткізді.
Жеребе бойынша Нұрбек Оралбай тікелей континенталды турнирдің жартылай финалына түсті. 85 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Олимпиада-2024 күміс жүлдегері монғолиялық Бариахан Доржды жеңіп, кездесуді төрешілердің бір ауыздан қабылдаған шешімімен – 5:0 есебімен аяқтады.
Оралбай Қазақстан ерлер құрамасының Азия чемпионатындағы үшінші финалисі атанды. Бұған дейін финалға Торехан Сабырхан және Сабыржан Акқалыков шыққан еді.
Азия чемпионаты World Boxing халықаралық федерациясының ұйымдастыруымен 11 сәуірге дейін жалғасады.
RUS