Шерзат Полат ісіндегі сотталғандар Жоғарғы сотқа толық ақтау үшін шағымданды

07.04.2026, 12:10
236
Шерзат Полат ісіндегі сотталғандар Жоғарғы сотқа толық ақтау үшін шағымданды SMARTNEWS.KZ коллажы

Азамат Тоқтаубаев пен Дидар Қалиахмет өздеріне шыққан үкімге қарсы шықты.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Шерзат Полат ісі бойынша сотталғандар өздеріне шыққан үкімге қарсы шығып, Жоғарғы сотқа шағым түсірді.

Адвокат Мейірман Шекеев әлеуметтік желіде осы ақпаратпен бөлісті. Айтуынша, Азамат Тоқтаубаев пен Дидар Қалиахметов өздерін толық ақтауды талап етіп отыр.

«Бұл кассациялық шағымды қазір ғана беруге мүмкіндік туды. Сот ертеңге тағайындалған. Сондықтан құрметті достар, бізді қолдап отырыңыздар. 15 жылға сотталған Тоқтаубаев Азамат пен 7 жылға сотталған Дидар Қалиахмет толық ақтауды сұрап отыр. Әділдік әрдайым биікте болсын!» – деді ол.

Еске салсақ, қайғылы жағдай 2024 жылғы 4 қазан күні Талғар қаласында болған. 16 жастағы Шерзат Полат әкесіне дүкенде көмектесіп жүрген кезде пышақ қолданылған төбелестен өлімге әкелетін жарақат алған. Жасөспірім ауруханаға жетпей көз жұмды, ал оның ағасы Нұрқанат Ғайыпбаев та жарақат алған.

Ішкі істер министрлігінің жеке бақылауына алынған тергеу нәтижесінде 5 маусымда тоғыз адам кінәлі деп танылды: Абзал Шынасыл – 23 жыл, Равиль Сакиев – 20 жыл, Азамат Тоқтаубаев – 15 жыл, Нуркияс Ільясов – 9 жыл, ал тағы төрт адам – әрқайсысы 7 жылға сотталған.

Кәмелетке толмаған қатысушы 1,5 жылға сотталып, кейін босатылған. Апелляциялық сот үкімді өзгеріссіз қалдырды. Тергеу кезінде белгісіз адамдар Шерзаттың отбасының үйін өртеп жіберген, желтоқсанда оның ағасының мәйіті табылды. Ресми нұсқа бойынша, ол өзіне қол салған.

Ақтауда асаба мен әйелінің интим видеосын таратқан күдікті ұсталды Тоқаев Мұхтар Шахановтың қазасына байланысты көңіл айтты Маңғыстауда нөсердің салдарынан жаппай жылқылар қырылды (ВИДЕО) Цирктегі жолбарыс көрермендерге қарай секіріп кетті (ВИДЕО) «Сенің даналығың жетіспейді»: Әнші Леонид Агутин досы Батырхан Шүкеновтің бейітіне барды 200 шақырымға жүгіру: қарағандылық сержант ультрамарафонда Қарулы күштердің жаңа рекордын орнатты Семейде мысығын кір жуғыш машинаға салып өлтірген қыз жазаланды Құрманғазыда киіктер қырылып, 800-ден астам өлексe табылды Өскеменде түнгі апаттан соң үш адам ауруханаға түсті Күміс жас күйбеңі: Белсенді өмір орталықтары шағым-жанжал ошағына айналған ба? 20 сәуірдегі валюта бағамы: қай қалада доллар қымбат 14 өңірге қауіп: Бүгін тұман, дауыл және үсік қатар келеді Қазақ поэзиясының өткір үні Мұхтар Шаханов қайтыс болды «Тұрсынды қимай жүр»: Алагөзовтің бұрынғы әйелі қымбат сөмкелерін көрсетті Театр актері мен оның жұбайы бір-бірін пышақтап өлтірді Өтекешева Алагөзовадағы қамзолдың түпнұсқа екенін растады Трамп: «Израиль — АҚШ-тың ең мықты досы» «Пышақпен қорқытады»: Маңғыстаудағы балабақшада жанжал өршіді Қасиетті дініміз Еуропаның төріне шықты: Германияда тұрақты азан айтыла бастады Орынборда полицейлерге оқ атқан күдікті ұсталды