Қос азаматтық үшін Қазақстан азаматының құжаттары тәркіленді
ШҚО-да заңсыз қос азаматтыққа 7 миллион теңгеден астам айыппұл салынды.
SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Шығыс Қазақстан облысында бір азаматқа қос азаматтық үшін 7 миллионнан астам теңге айыппұл салынды.
Полицияның баспасөз қызметі мәлімдегендей, биылдан бері өңірде Қазақстан Республикасының құжатын жоғалту бойынша 250-ден астам жағдай тіркелген. Көп жағдайда бұл жағдайлар басқа елдің азаматтығын алған, бірақ заң талаптарын орындамаған азаматтармен байланысты.
Жүргізілген шаралар нәтижесінде 17 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылып, жалпы айыппұл сомасы 7 миллион теңгеден асты. Мысалы, 43 жастағы Өскемен тұрғыны 2026 жылғы ақпанда көршілес елдің азаматтығын алған, бірақ заң талаптарын бұзып, құзырлы органдарға уақытында хабарламаған. Оған қатысты заңда көзделген шаралар қолданылып, Қазақстан Республикасының құжаттары тәркіленіп, азаматтықтан айырылған.
Полиция бұл бағыттағы жұмыстарды тұрақты бақылауда ұстап отыр.
Материал авторы