Бишімбаевтың үшінші рет үйленгені туралы ақпарат тарады
Адвокат Бишімбаевтың тағы үйленгені туралы ақпаратқа нақты жауап берді.
SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Степногорск қаласындағы колонияда жазасын өтеп жатқан бұрынғы министр Қуандық Бишімбаевтың үшінші рет ресми түрде үйленгені туралы ақпарат тарады. Аноним дереккөзге сүйенген мәліметте оның жаңа жұбайымен ұзақ мерзімді кездесулер өткізіп жүргені айтылған.
Бұл ақпаратқа қатысты Azattyq Rýhy редакциясы Бишімбаевтың адвокаты Ерлан Ғазымжановқа жүгінген. Ол бұл мәліметті қысқа ғана «шындыққа сәйкес келмейді» деп жоққа шығарды.
Сонымен қатар, редакция Қылмыстық-атқару жүйесі комитетіне ресми сауал жолдағанымен, әзірге жауап алынбаған.
Еске салайық, Қуандық Бишімбаев 2023 жылғы 9 қарашада азаматтық жұбайы Салтанат Нүкенованың өліміне байланысты сотталған. 2024 жылғы мамырда ол аса ауыр қылмыс жасағаны үшін 24 жылға бас бостандығынан айырылды.
Материал авторы