Қайрат Түнтеков әйеліне қатысты мәлімдеме жасады (ВИДЕО)
Әнші жеке өмірі туралы құпияны алғаш рет айтты.
SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, әнші Қайрат Түнтеков Qazaqstan телеарнасындағы «1001 түн» бағдарламасында сұхбат беріп, жеке өмірі мен отбасы туралы бұрын көп айта бермеген жайттарды бөлісті.
Өнер иесі отбасы тақырыбын әдейі жария етпейтінін жасырмады. Оның айтуынша, бұған себеп – тіл-көзден сақтану. Әнші мұндай жағдайды өз басынан өткергенін де айтты.
«Отбасымды көрсеткім келмейді. Себебі тіл-көз тию дегенге сенемін. Өзім де сондай жағдайды бастан өткердім. Тіпті орнымнан тұра алмай қалған кездер болды, ертесіне жүруге шамам жетпеді», – деді ол.
Қайрат Түнтеков сұхбат барысында жеке өмірін көпшілік назарынан тыс ұстауды жөн көретінін меңзеп, бұл шешімін саналы түрде қабылдағанын аңғартты.
Материал авторы